Мамандық коды | Мамандық атауы | Біліктілік коды | Біліктілік атауы | Оқыту мерзімі |
---|---|---|---|---|
04110100 | Есеп және аудит | 3W04110101 | Бухгалтер-кассир | |
3W04110101 | Бухгалтер | 2ж 10 ай, 1ж 10ай |
“Есеп және аудит” мамандығы студенттерге кез-келген кәсіпорынға қажетті активтер, міндеттемелер, капитал, ақша ағындарының қозғалысы, кірістер мен шығыстар, кәсіпорынның қаржылық нәтижелері туралы ақпаратты қалыптастыру және талдау бойынша кең экономикалық білім алуға мүмкіндік береді. Осы мамандықтың болашақ түлектері әртүрлі кәсіпорындарда жұмыс істей алады және ұлттық экономиканың кез-келген саласында өз дағдыларын жүзеге асыра алады.
“Есеп және аудит” мамандығының түлектері болашақта кәсіби және мансаптық өсудің жақсы перспективаларына ие бола отырып, еңбек нарығында тұрақты сұранысқа ие. Осы мамандықты бітірушілер үшін жұмысқа орналасу мүмкіндіктері өте кең: олар бухгалтер, бухгалтер-кассир, жоспарлау және экономика бөлімінің маманы, бақылау және аудит бөлімінің маманы, бас бухгалтер, қаржы директоры ретінде жұмыс істей алады.